Қарағанды облысында алты айлық сәби коронавирус жұқтырды — Қазақстан жаңалықтары
Қарағанды облысында 17 сәуірде коронавирус инфекциясын жұқтырған үш науқас жайлы деректер айтылды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Ауырғандардың бірі — 6 айлық бала. Оның ата-анасы вирус жұқтырған, жұқпалы госпитальда болған. Бала провизор госпиталінде болды.
Екінші науқас та Қарағанды тұрғыны. Ол 41 жаста. Бұрын вирус жұқтырғандармен жақын байланыста болған. Осыған дейін провизор госпиталінде болды.
Үшінші науқас Теміртау тұрғыны. Ол да жұқтырғандармен жақын байланыста болған. 19 жаста.
Бүгінгі күні облыста 87 COVID-19 жұқтырған науқас тіркелген,
оның ішінде бір науқас қайтыс болды және төртеуі сауығып шықты.
Тәулік бойы бақылауда 759 адам бар — бұл 1А және 1Б (Италия, Франция, Испания, Иран, Германия, Үндістан, Таиланд, Малайзия, БАӘ, Шри-Ланка, Египет) санатындағы елдерден оралған немесе жұқтырғандармен шартты түрде байланыста болған адамдар.
Үй карантинінде — 2 268 адам, үй карантинінен шығарылғандар — 403.
stan.kz