«Біреудің алажібін аттап көрмедім»: Болат Назарбаев жасаған жақсылығы туралы — Қазақстан жаңалықтары

0

Болат Назарбаев «Айна» Youtube каналына берген сұқбатында осы уақытқа дейін жасап келген жақсылығы туралы айтты. Халыққа, достарына, өнер адамдарына көмектескім келеді деген меценат кейбір адамдардың сол жақсылықты басқаша түсінетінін айтып қалды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

болат назарбаев

Болат Назарбаевтың өзі туып өскен Қарасай ауданы, Шамалаған жұртына қанша жақсылық жасап жатырқанын естиміз. Бірақ осы жасаған жақсылықтың артынан талай сөз еретіні жасырын емес. Осындай пікірлерге Болат Назарбаев былай жауап берді. 

«Істеген жақсылығымды ешқашан айтқан жоқпын. Оның бәрін айта беруге ыңғайсыз. Ел қалай түсінеді білмеймін. Әркімнің аузына қақпақ бола алмайсың. Бәрі халықтың ақшасын алады деп ойлайды. Мен әлі күнге дейін біреудің алажібін аттап көрген жоқпын. Ешкімнің ештеңесін алған жоқпын. Халыққа, достарыма, өнер адамдарына, бәрен  көмектескім келеді», — дейді меценат. 

Көптеген өнер адамдарына да жақсылық жасап, көмектесіп жүретін Болат Назарбаев бұл әртістерге деген ерекше сыйластымнан дейді. 

«Өнер адамдарының жанын жақсы түсінемін. Олар ұлтымыздың өнерін өзге елге таныстырады деп ойлап көбірек көмектесемін. Олар біздің елімізді өзгелерге таныстырушы. Өнер адамдары біздің өте жақсы түсінеді, жандары нәзік болады. Сол себептен өнер адамдарын жақсы көрем, сыйлаймын. Қолымнан келгенше көмектесемін. Көбіне көмектескенім де шын», — дейді Болат Назарбаев. 

Сондай-ақ, зейнетақысын жетімдер үйіне қайырымдылыққа аударып отыратын Болат Назарбаев 18 жыл боййы 380 балаға қамқорлық жасағанын айтады.

«Өздері «болды, рахмет» деген соң кәмілет жасқа толғанда қойдық. Бірінші сыныптан оныншы сыныпқа дейін кейіндіріп, оқуға түсіріп, бәрін істедім. Шынымды айтсам, біреуге жақсылық жасасаң қуанады ғой, мен одан екі есе қуанамын», — деді Болат Назарбаев. 

stan.kz