Науқас мәйіттің сөмкесінде оянған: Дәрігер оны өлді деп жариялап, жерлеу үйіне жіберген — Қазақстан жаңалықтары

0

Қатерлі ісік ауруына шалдыққан 46 жастағы Глэдис Родригес Дуарте жоғары қысымына байланысты Парагвайдың Сан-Фернандо қаласындағы жеке клиникасына жеткізілген. Бірақ екі сағаттан кейін отбасы сенім артқан дәрігер Хериберто Вера оларға қорқынышты жаңалықты жеткізді: науқас қайтыс болды. Оның себебі қатерлі ісік ауруы, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

«Ол менің анам қайтыс болды деп шешіп, оны жануар сияқты жалаңаш күйінде, өлім туралы куәлікпен бірге маған берді. Оны реанимациялауға тырыспаған», — дейді науқастың қызы Сандра Дуарте. 

Әйелдің денесі жерлеу үйіне жіберілген, алайда оқиға одан бетер шиеленісе түскен. Қызметкерлер марқұмның мәйіттерге арналған сөмкеде қимылдай бастағанын байқады, деп жазады Daily Mail. Глэдистің тірі екені белгілі болды. Науқас шұғыл түрде ауруханаға жеткізіліп, бақылауға алынды.

Бірақ Глэдистің жақындары ашулы. Күйеуі дәрігер Гериберто Вера әйелін емдегісі келмей, оның айықпас дертке шалдыққанын біліп, оны есептен шығарып тастады деп санайды. Ол полицияға жүгінді, құқық қорғау органдары әйелді өлді деп жариялаған дәрігерге қарсы іс қозғады. Хабарламаларға қарағанда, тергеу жүргізіп жатқан қызметкерлердің бірі сол дәрігердің әйелі болғандықтан, ол бұл істен шеттетілген.

 

stan.kz