Министрлік 42500 теңгені заңсыз алғандар жауапкершілікке тартылатыны жайлы тағы бір рет еске салды — Қазақстан жаңалықтары
«42500 теңге» әлеуметтік төлемі бойынша барлық тағайындаулардың негізі ТЖ тәртібі аяқталғаннан кейін бекітілген заң жүзінде қайта тексерілетінін мәлім болды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Әр өтінімге қатысты ұсынылған деректердің шынайылығына жауапкершілік жүктелген, оның ішінде, әлбетте басты себеп – ТЖ кезіндегі шектеулер салдарынан табыстан айырылу.
Осылайша ел азаматы «42500 теңге» төлемге өтінім бере отырып, ТЖ уақытына дейін кірісі болғанына және оны жоғалтқанына кепілдік беретінін растайды.
Әлеуметтік төлемдерді заңсыз алған адамдардың жауапкершілікке тартылуы олардың жасаған заңсыз әрекетіне байланысты болады. Әлеуметтік төлем алушылардың заңсыз іс-қимылы қылмыстық кодекстің аясында қарастырылады.
Егер өтініш беруші қателесіп, әлеуметтік төлем алған болса, бірақ бұл қаражатты қайтару қажет деп санаса, 42 500 теңгені келесі шотқа жібере алады:
Алушының атауы: «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КеАҚ
БСН: 160440007161
БСК: GCVPKZ2A
ЖСК: KZ67009SS00368609110
ТТК: 049
Халық банк пен Каспи банкте шоттары бар азаматтар, «Әлеуметтік төлемдерді қайтару» тетігін таңдай отырып, 42500 теңгені банктердің ұялы қосымшасынан қайтара алады.
stan.kz