Қазақстанда коронавирустан тағы бір адам қайтыс болды
Алматыда коронавирустан бір адам көз жұмды. Қазақстанда індет салдарынан қайтыс болғандар саны 17-ге жетті
НҰР-СҰЛТАН, 16 сәуір – Sputnik. Қазақстанда коронавирустан он жетінші адам қайтыс болғаны хабарланды.
Елде коронавирус инфекциясын жұқтырғандардың жалпы саны — 1341 адам.
Алматы қаласы– 393, Нұр-Сұлтан қаласы – 305, Қызылорда облысы – 131, Қарағанды облысы – 84, Ақмола облысы – 81, Атырау облысы – 70, Жамбыл облысы – 50, Түркістан облысы – 49, Шымкент – 43, Солтүстік Қазақстан облысы – 29, Алматы облысы – 29, Батыс Қазақстан облысы – 25, Ақтөбе облысы – 14, Павлодар облысы – 13, Маңғыстау облысы – 12, Шығыс Қазақстан облысы – 8, Қостанай облысы – 5.
240 адамның жазылып шыққаны хабарланды.
sputniknews.kz