Бір әулеттің 7 келіні: Жазира Байырбекова абысындарын көрсетті — Қазақстан жаңалықтары

0

Әнші Жазира Байырбекова 7 абысынын көрсетті. Қызылорда облысына қарасты Арал өңіріне келін болған Жазира өзінің әулетте нешінші келін екенінін айтып қалды. 

Жазира Байырбекова абысындарымен. Ол әулетінің бесінші келіні. Суреттегі рет санынан байқағанымыздай, әнші ортаншы келін. Бәрімен тату екенін айтты. 

«Осы сурет әулеттің нешінші келінісіз деп сұрайтындарға арналады. Төрдегі генерал келіннен бастап ойлай беріңіз. Бәріміз татумыз. Мен туралы бәрі жақсы пейілде», — деп жазады әнші. 

Бұған әріптесі Мөлдір Әуелкова пікір білдіре кетті. 

«Керемет сурет әпке! Татулықтарыңыз сондай жарасымды», — деп жазды ол.

Өзге қолданушылар пікір жазып, талқылап жатыр.

«Бәрі бір-біріне ұқсайды. Сіз ең әдемісісіз», «Тату екендеріңіз көріні тұр. Көз тимесін», «Абысын тату болса, ас көп», «Абыындар арасында татулық аз, сіздер үлгісіздер», — деп жазды олар. 


Тағы оқыңыз

«Түстерім аяни болып шығады»: Қарағанды тұрғыны Жазира Байырбекованың босанатынын түсінде көрген

Әпкесі Жазира Байырбекованің қызды болғаны жайлы: Өзі босанса да, басқаша болса да, ол маңызды емес


 

stan.kz