Анализді 2 күн күтті: Коронавирустан көз жұмған Қостанай облысы тұрғынының туыстары дәрігерлердің әрекетіне наразы — Қазақстан жаңалықтары

0

Қостанай облысында коронавирустан көз жұмған науқастың туыстары дәрігерлердің әрекетіне наразылығын білдіріп, денсаулық сақтау министрлігі мен өңір әкімдігінен жағдайды тексеруді талап етті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

коронавирус

«Бүгін таңертең Қостанай облысының Жітіқара қаласында коронавирустан ағам қайтыс болды. Әпкем ауруханада өкпені жасанды желдету аппаратында жатыр. Бұл облыстағы алғашқы өлім жағдайы. Ал Жітіқарада коронавирустың бірінші анықталған жағдайы. Менің ағам қайтып келмейді, бірақ менің жазбам аймақта қалыптасқан жағдайды өзгертіп, біреудің өмірін сақтап қалуы мүмкін. Аймақ короновируске дайын емес сияқты. Кем дегенде Жітіқара қаласында», — деп жазды Facebook-те марқұмның жиені, журналист Назымгүл Күміспаева.

Оның мәлімдеуінше, дәрігерлер оның ағасын бірден ауруханаға жатқызбаған, ал симптомдарды ЖРВИ-мен шатастырған.

«Туыстарымды әпкем шағымданатынын айтып қорқытқан соң, келесі күні алып кетті.  Ал бүгін брифингте оны өзін-өзі емдеді деп мәлімдеді.  COVID-19-ға талдауды Қостанайдан 2 күн күтті, ал ол 250 км қашықтықта орналасқан. Демек, Жітіқарада ауруды анықтайтын тест жоқ. Неге соншалықты ұзақ — толық екі күн»,  — деді Назымгүл Күміспаева.

Оның туыстары диагноз анықталғанға дейін COVID-19-ға қатысы жоқ адамдар жатқан жалпы бөлімде жатты.

Сонымен қатар, журналистің жазуынша, талдау оң нәтижені көрсеткеннен кейін дәрігерлер оларға келуден және көмек көрсетуден бас тартқан.

«Білімсіздік пен дайындықтың болмауы өлімге әкелді. Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау министрлігінен, Қостанай облысының әкімдігінінен жағдайды шешуді сұраймын», — деп жазды марқұмның жиені.

Осы жағдайға байланысты денсаулық сақтау министрінің орынбасары Ләззат Ақтаева тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитетінің аумақтық департаменті комиссиялық зерттеу жүргізетінін мәлімдеді.

«Министр комиссиялық тергеу жүргізуді тапсырды. Екі күн ішінде комиссия жұмысының нәтижелері ұсынылады. Біз оларды хабарлаймыз», — деп уәде берді Ләззат Ақтаева.

 

stan.kz