Лондоннан Петропавлға қазақстандықтар мінген ұшақ ұшып келді — Қазақстан жаңалықтары
Петропавл халықаралық әуежайы Лондоннан келген репатриациялық рейсті қабылдады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Ұшақ бортында Air Astana әуе компаниясының бортымен елге жеткізілген қазақстандықтар бар.
«Жолаушылар әр түрлі жағдайларға байланысты шетелде болған еліміздің 13 қаласынан 95 қазақстандық. Рейстің келуі күшейтілген қауіпсіздік шараларымен сүйемелденді. Бекітілген алгоритмге сәйкес қызметтердің барлық әрекеттері үйлестірілген. Санитарлық-эпидемиялық қауіпсіздіктің барлық шаралары сақталған, оның ішінде — әуежай аумағын, багажды және орналастыру орындарын дезинфекциялық өңдеу», — деді СҚО әкімдігінде.
Рейс жолаушыларына тегін тамақ беріліп, түрлі бағыттар бойынша кеңестер ұсыналатын қонақүйге орналастырылды.
«Жолаушылар мен экипаж мүшелері COVID-19-ға зертханалық тексеру жүргізу үшін 2 тәулікке оқшауланады. Нәтиже алғаннан кейін азаматтар өз өңірлеріне жіберіледі, онда олар үй карантинінде болады», — деді өңірлік әкімдікте.
Бұған дейін Петропавл әуежайына Лондоннан қазақстандықтар мінген ұшақ келетіні хабарланды.
Айта кетейік, бұрын Қазақстанға осындай 9 ұшақ ұшып келді.
stan.kz