Қазақстан Қытайға наразылық білдірді — Қазақстан жаңалықтары

0

ҚР сыртқы істер министрлігі Қытайға наразылық білдірді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Қытай

Қазақстан Республикасының ыртқы істер министрлігінде Қытайдың ҚР-дағы елшісі Чжан Сяомен кездесу өтіп, оның барысында қазақстандық тарап қытайлық www.sohu.com сайтындағы «Қазақстан неге Қытайға оралуға тырысады» атты мақалаға қатысты наразылық білдірілді.

Қытай елшісіне мұндай сипаттағы мақаланың жариялануы 2019 жылғы 11 қыркүйекте Мемлекет басшылары қол қойған Қазақстан Республикасы мен Қытай Халық Республикасының бірлескен мәлімдемесінде айқындалған мәңгілік жан-жақты стратегиялық әріптестік рухына сәйкес келмейтіндігі атап өтілді. Тараптар ақпарат тарату және БАҚ саласында тығыз өзара ықпалдасуға келісті.

Сондай-ақ, ҚР-дың Пекиндегі елшілігі ҚХР Сыртқы істер министрлігіне тиісті нота жолдады.

stan.kz