Жүрегі бірнеше рет тоқтады: коронавирустан қайтыс болған қазақстандық туралы не белгілі — Қазақстан жаңалықтары

0

Шығыс Қазақстан облысының Өскемен қаласында коронавируспен ауыратын науқас қайтыс болды. Әйелдің екі өкпесінің қабынуы және алкогольдік интоксикацияға шалдыққаны анықталған, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

жедел жәрдем

Әйелдің жүрегі екі рет тоқтаған, бірақ дәрігерлер оны аман алып қалыпты. Алайда жүрегі келесі мәрте тоқтаған сәтте оны аман алып қалу мүмкін болмапты. 

«COVID-19-дан басқа, науқаста екі өкпесінің қабынуы, сол жақ плеврит, 3-дәрежелі тыныс жетіспеушілігі, токсикалық миокардит, жедел респираторлық стресс синдромы, ауыр алкогольдік интоксикация болған», — деді ШҚО денсаулық сақтау басқармасының басшысы Ілияс Мұхамеджан.

12 сәуірде 1979 жылы туған әйел ауыр жағдайда қабылдау бөліміне жеткізілді. Оның коронавирус сынағы расталды. Науқас жұқпалы аурулар ауруханасына, жансақтау бөліміне ауыстырылды.

«Науқаспен реаниматологтар тобы жұмыс істеді, оны жасанды өкпе желдету аппаратына қосты, реанимациялық шаралар жүргізілді. Түнде екі рет жүрегі тоқтады, екі ретте де реанимация сәтті өтті», — деді Мұхамеджан.

Кезекті рет жүрек тоқтаған кезде реанимациялық шаралар сәтсіз аяқталды, биологиялық өлім тағайындалды.

Әйелмен байланысқан 13 адам анықталды, қазіргі таңда барлығы оқшауланған. Науқас Қазақстаннан тыс жерлерге сапар шеккен жоқ.

 

stan.kz