Украина ресейлік ер азаматтардың кіруіне тыйым салды
Жіберу бекеттерінде қадағалау шаралары күшейтілді.
Украинаның мемлекеттік кеден қызметі 16-дан 60 жасқа дейінгі ресейлік ер азаматтардың ел аумағына кіруіне тыйым салды. Бұл туралы ведомства басшысы Петр Цигикал мәлімдеді.
«Жіберу бекеттерінде қадағалау шаралары күшейтілді. Бүгінгі таңда шетелдіктердің, бірінші кезекте Ресей Федерациясы азаматтарының кіруіне тыйым салынды. Ресей Федерациясының 16-60 жас аралығындағы ер азаматтарына кіруге болмайды», – деді ол Украина президенті Петро Порошенко қатысқан кеңесте.
Дереккөз: today.kz