Қазақстанда коронавирустан емделіп шыққандардың саны 86 адамға жетті
Қазіргі уақытта республика бойынша коронавирус инфекциясын жұқтырғандар саны 897 адамға жетті
НҰР-СҰЛТАН, 12 сәуір – Sputnik. Қазақстанда тағы бес адам коронавирус індетінін сауығып шықты, деп хабарлады денсаулық сақтау министрлігі.
«Нұр-Сұлтан қаласында 3 науқас, Атырау қаласында 2 науқас сауығып, ауруханадан шықты», — делінген хабарламада.
Сонымен, Қазақстанда коронавирус індетінен емделіп шыққандардың саны 86 адамға жетті: Нұр-Сұлтанда – 37, Алматы қаласында – 37, СҚО – 1, Ақтөбе облысы – 1, Жамбыл облысында -3, Павлодар облысында- 1 Алматы облысында — 1, Қарағанды облысында — 1, Шымкент қаласында – 2, Атырау қаласында — 2.
Соңғы мәліметтер бойынша республика бойынша коронавирус инфекциясын жұқтырғандар саны 897 адам болды.
Нұр-Сұлтан қаласы бойынша 238 адам, Алматы қаласында – 145 адам, Қарағанды облысында — 65 адам, Ақмола облысында — 71 адам, Атырау облысында — 59 адам, Жамбыл облысында — 46 адам, Шымкент қаласында — 38 адам, Шығыс Қазақстан облысында — 6 адам, Алматы облысында — 11 адам, Ақтөбе облысында — 11 адам, Солтүстік Қазақстан облысында — 25 адам, Павлодар облысында — 9 адам, Маңғыстау облысында — 10 адам, Қызылорда облысында — 116 адам, Батыс Қазақстан облысында — 8 адам, Түркістан облысында — 36 адам, Қостанай облысында — 3 адам.
Бұл дерттен Қазақстанда 10 адам көз жұмды.
sputniknews.kz