Шымкентте жібінен босап кеткен бұқа адамға шабуыл жасады
Қысқа сілтеме алу
Шымкент қаласының 42 жастағы тұрғыны жаңадан сатып алған бұқасының әрекеті үшін айыппұл төлейтін болды
НҰР-СҰЛТАН, 10 сәуір – Sputnik. Шымкенттегі жергілікті полиция бөлімшесінің учаскелік полиция инспекторы жібінен босап кетіп, адамдарға қауіп төндірген бұқа иесін анықтады, деп хабарлайды Polisia.kz.
«42 жастағы Шымкент қаласының тұрғыны бұқаны мал базардан сатып алған. Жетегіндегі бұқа Жиделібайсын көшесінің бойында кенеттен жібінен босап кетіп, жол жиегінде көлігін жөндеп жатқан адамды сүзіп құлатқан», – делінген баспасөз хабарламасында.
Бұқаның иесі полицияға жеткізіліп, мұндай жағдайлардың алдын алу мақсатында оған түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Сонымен қатар, мал иесіне әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 408-бабы, 2-бөлігіне сәйкес (облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың жергілікті өкілді органдары белгілеген ауылшаруашылық жануарларын жаю ережелерін бұзу, жеке тұлғалардың денсаулығына немесе мүлкіне зиян келтіру) әкімшілік хаттама толтырылған.
Оқи отырыңыз: Аршалы маңында жолаушылар пойызы бір үйір жылқыны басып кетті – жантүршігерлік видео
Аталған заң талабына сәйкес, бұқаның иесіне 10 АЕК-ке дейін айыппұл салынады. Бұл – 27 780 теңгеге тең.
sputniknews.kz