балабақшамен қоштасу ертеңгілігі сценарий

0

«Теңіз астына саяхат» Ересектер тобының шағын орталықпен қоштасу сценариі

Қатысушылар:
Тритон (үлкен адам)
Урсула (үлкен адам)
Білім ханшайымы(үлкен адам)
Жүргізуші
Қажетті құралдар: картоннан жасалған алтын кілт, теңіз жұлдыздары (материалдан жасалған), моншақтар (теннис доптары сыртын жылтыр лакпен бояймыз), үлкен ине, жіп,
Музыка әуенімен тәрбиешілер кіреді.

Жүргізуші: Қымбатты ата — аналар, балабақша қызметкерлері, қонақтар! Бүгін біз мәпелеп, күтіп тәрбиелеген бүлдіршіндерімізді ұямыздан ұшырып, мектепке шығарып салғалы отырмыз.

Ақ тілекті ағытып бір тастайық,
Қоштасатын кешімізді біз бастайық.
Жүздеріңнен көрем шаттық арайын,
Болсын солай әрбір күнің, әр айың.
Музыка әуенімен балалар кіріп жарты шеңберге тұрады

Бұл қуаныш себебін
Бізге қарап ұғыңдар
Ер жетті деп бөбегім
Туған Отан қуансын
Туған дала қуансын!

Бүгін жақсы киініп,
Салтанатқа жиналып,
Бақшаменен қоштасар.
Әліппемен достасар,
Келіп жетті сәтті күн,
Дайын қағаз қаламым,
Мектепке енді барамын

Бақша біздің панамыз,
Мектеп біздің анамыз.
Ұлағатты ұстаздан,
Оқып білім аламыз.

Ән «Алтын ұя мектебім»
(орындарына отырады)

Жүргізуші: Балалар сендер толқынның және шағаланың айғай — шуын естисіңдер ме? Қараңдар жағалауда құмыра жатыр. (барып құмыраны алады) балалар құмыраның ішінде хат бар екен, кәне ашып оқиық. (хатты алып оқиды)
Жүргізуші: Балалар біз су асты патшалығына барып жоғалған кілтті іздеуіміз керек. қазір барлығымыз орнымыздан тұрып шеңбер жасап тұрайық. (балалар шеңбер жасап тұрады) Енді сиқырлы сөздерді айтайық, сол кезде біз су асты патшалығында боламыз.
Тұщы мұхит толқындары,
Қуанышты толқиды.
Су асты патшалығына,
Бізді арбап тартады.

Жүргізуші: Міне біз су асты патшалығына да келдік.
«Балықтар» биі
Тритон: Кім мені оятты, менің патшалығымды шулатты?

Жүргізуші: Біз «КҮНШУАҚ» шағын орталығынан келдік. Сізге және су асты патшалығына сәлем бердік!
Тритон: Сәлеметсіңдер ме құрметті қонақтар, келіңдер төрлетіңдер.
Мұхиттармен көлдердің билеушісі,
Балықтармен дельфиндердің билеушісі,
Менің сарайым алтындармен апталған,
Күміс, маржандармен қапталған.
Ал бұйымтайымдарыңды айтыңдар. Су асты патшалығына не шаруамен келдіңдер?
Жүргізуші: Біз бір қиындыққа тап болдық. Білім ханшайымының алтын кілтін ұрлап кетті. Барлық жерде іздедік тек енді сіздің патшалығыңыз қалды.
Тритон: Ол кілт не үшін керек?
Жүргізуші: Балалардың шағын орталықты бітіру құрметіне ол кілтті Білім ханшайымы балаларға сыйлайын деген болатын.
Тритон: Сендер шағын — орталық түлектері екенсіңдер ғой. Ал кілт білім елін ашатын кілт қой. Енді бәрін түсіндім. Ал сіз кім боласыз?

Жүргізуші: Мен осы балалардың ұстазы. Мен жайлы сізге балалар айтып берсін.
Балалар орындарынан тұрады

Воспитатель, воспитатель – это слезоковытиратель,
Одеватель, обуватель, умыватель иногда,
Он косичкозаплетатель, зимой снегоразгребатель,
Одеялопоправлятель и копатель иногда.
Воспитатель, воспитатель – это книжечкочитатель,
Кушать вкусно помагатель, танцеватель иногда.
Он творитель и ценитель, детских тайн всегда хранитель,
В общем, мамозаменитель и любитель навсегда!!!

Ән «Тәрбиеші»
Тритон: Жақсы мен сендерге көмектесейін, бірақ алдымен менің қызыма теңіз жұлдыздарын жинап берсеңдер жақсы болады.
Жүргізуші: Біздің балалар батыл және жылдам. Теңіз жұлдыздарын қазір — ақ жинап береді.
Ойын «Теңіз жұлдыздарын жина»
Тритон: Теңіз тұрғындарынан алтын кілтті кім ұрлауы мүмкін? (Ойланып қалады)
Жағымсыз кейіпкер әуені ойнап сегізаяқ Урсула кіреді. Билеп балаларды бір айланып шығады.
Урсула: Ха — Ха — ХА Теңіз патшасы өз патшалығында не болып жатқанынан хабардар емес.. Ха — ха — ха!
Тритон: Сен мұнда не іздеп жүрсің?

Урсула: Өзімді таныстырып өтейін Урсула – теңіз тұңғиық қараңғылығының тақсырымын. Барлық жарқырағанды, таза, ізгілікті жек көремін. Сауатты, ақылды балаларды да жақтырмаймын. Сендердің алтын кілттеріңді де әрине мен ұрладым. Білім ханшайымының балаларға дайындаған сыйлықтарында мен ұрладым. Балдырлармен және маржандармен жауып сенімді жерге тығып қойдым.

Тритон: Ай сен содыр ма! Мен сені тасқа айналдырамын.

Урсула: Жоқ тақсыр, мені тасқа айналдырсаң кілтті қайдан аласыңдар? Мен мықтымын және сұммын. Мына ақымақ адамдарға көп рахмет. Теңізге, көлдерге, мұхиттарға қоқыс көрінгендердің бәрін тастайды және мұнай қалдықтарында. Мен сол қоқыстардан күш жинайтынымды бұл ақымақ адамдар қайдан білсін. Ал сен шал көп ұзамай тұншығып өлесің. (Урсула кетіп қалады)
Тритон: Ох — ох — ох! Дұрыс айтады. Адамдар таза судың маңыздылығын түсіне бермейді. Сол себепті мынадай Урсула сияқтылар пайда болады. Ох — ох — ох.
Жүргізуші: Сіз көп уайымдамаңыз тақсыр. Біздің балалар тапқыр. Біз сөзсіз бір амал ойлап табамыз. Ал сіздің көңіліңіз көтеріліп қалсын деп балалар би билеп берсін.
«Көңілді би»
Урсула кіреді
Урсула: Жарайдs мен ойланып келдім. Мен сендерге кілттеріңді беремін бірақ менің шарттарымды орындауларың керек. Келісесіңдер ме?
Тритон: Сөзіңде тұрасың ба?
Урсула: Ия, уәде беремін.
Тритон: Ал енді айт шарттарыңды?
Урсула: Менің маржандардан жиналған алқам үзіліп, шашылып қалды. Сол маржандарымды тауып беріңдер.

Ойын «Маржандарды жина»

Жүргізуші: Ал енді бересің бе?
Урсула: Жоқ. Әлі емес..
Тритон: Не керек саған тағы? Айт.
Урсула: Мен мына маржандардан алқа жасағанды ұнатпаймын. Сондықтан ата — аналар маржандардан алқа жасап берсін.

Ата — аналармен ойын.
(Екі ана шығып алқа жинап береді)

Жүргізуші: Ал енді бересің бе, біздің кілтті? Біз барлық шарттарды орындадық қой, солай ма балалар?
Урсула: Мә алыңдар кілттеріңді. Мен кеттім! Маған бұл жерде қызық емес, мұнда көңілді әрі жарық. Бірақ мен сендермен әлі кездесермін!
Урсула кетеді музыка әуенімен
Тритон: Жарайсыңдар балалар, сендер ақылды, батыл, тапқыр екенсіңдер. Бүгін сендер өздеріңнің сауаттылықтарыңды, білімдеріңді көрсете білдіңдер. Сендер балабақшаны бітіріп мектеп табалдырығын аттағалы отырсыңдар екен. Мектепке барғанда сабақтарыңды жақсы оқыңдар. Оқуда озат болыңдар.
Жүргізуші: Әрине балалар оқуда озат болып, үлгілі оқушы болады. Оны балалар оны өз әндерінде айтады.

Балалар орындарынан тұрады.
Ән «Оқуда озат боламын»

Тритон: Жарайсыңдар балалар! Көбірек кітап оқыңдар теңіз мұхит өзендер жайлы энциклопедияларды оқыңдар.
Жүргізуші: Сау болыңыз! Ал бізге қайтуымыз керек. Кәне шеңбер жасап тұрайық. сиқырлы сөздерді айтайық.
Барлығы бірге айтады.
Тұщы мұхит толқындары
Қуанышты толқиды
Су асты патшалығына
Бізді арбап тартады

Білім ханшайымы: Сәлеметсіңдер ме балалар! Қош келдіңдер! Мен сендердің алтын кілтті қалай іздегендеріңді мұқият бақыладым. Сендер қиындықтарға бой бермейді екенсіңдер. Сендер әдепті, тәртіпті, ақылды бала болып өсіпсіңдер.
Жүргізуші: Сәлеметсіз бе Білім ханшайымы. Біз балалармен ұрланған кілтті таптық. (кілтті білім ханшайымына береді)
Білім ханшайымы: Рахмет сендерге балалар! Бұл кілтті мен сендерге қалдырамын. Еліміздің білімді ақылды отанын қорғайтын қыздары мен ұлдары болып өсіңдер. (кілтті тәрбиешіге береді)
Жүргізуші: Рахмет білім ханшайымы сабақты жақсы оқып, отанымыздың бетке ұстар азаматы болуға уәде береміз.

Балалар жарты шеңберге тұрады
Ән «Біз отанның ұланымыз»

Білім ханшайымы: Ал енді менің кетуім керек. Сау болыңдар балалар.
Білім ханшайымы кетеді.
Жүргізуші: Аяулы балалар біздің мерекеміздің жүректі толқытар кезі де келіп жетті. Орындарыңнан тұруларыңды сұраймын.
Жүргізуші: Соңғы вальс
Балалар вальс билейді

Жүргізуші: Шағын орталық қызметкерлерге біздің аяулы балалардан ізгі ниеттерін қабыл алыңыздар.

Баулап — баптап өсірдіңіз
Бұзықтық етсек кешірдіңіз
Ұмытпаймыз сөзіңізді
Ұмытпаймыз өзіңізді
Еркежан апайға мың алғыс

Тамылжыта ән салуды үйреткен
Мың бұралып, биімізді билеткен
Эльвира апай сізге де
алғыс айтамыз
Мың қайтара сәби бала жүректен

Әдіскер Нина апайға
Алғыс айтып барамыз.
Қабыл алып гүлімізді,
Әдемі болып жүріңіз.
Тәрбие берген ұямыз
Тәртіпті бала боламыз
Қоштасып психолог апаймен
Біріншіге барамыз
Аида апайға мың алғыс

Суға түсіп шомылып
Ойымызды жаздық біз
Денемізді тік ұстап
Сұлу болып өстік біз
Зарина апайға мың алғыс

Витамин жеп қолынан
Өскен біздер баламыз
Дәрігер Мадина апай сізге де
Алғыс айтып барамыз

1. Әдіскердің құттықтай сөзі
2. Фотоларды тапсырылады
3. Ата — аналар құттықтаулары