Тоқаев бюджет туралы жарлыққа қол қойды
Қысқа сілтеме алу
Бюджетті нақтылау кезінде экономиканың қазіргі жағдайы мен әлемдегі эпидемиологиялық ахуал ескертілді
НҰР-СҰЛТАН, 8 сәуір – Sputnik. Мемлекет басшысы «2020 жылға арналған нақтыланған республикалық бюджет туралы» жарлыққа қол қойды, деп хабарлайды Ақорда.
«Әлемдік экономиканың жағдайын, тауар нарығындағы баға конъюнктурасын, сондай-ақ әлемдегі коронавирус пандемиясын ескере отырып, 2020 жылға арналған макроэкономикалық көрсеткіштердің болжамы нақтыланды», — деп жазылған сайтта.
Еске сала кетсек, наурыз айының соңында премьер-министр Асқар Мамин үкіметке 2020-2022 жылдарға арналған республикалық бюджет пен елдің әлеуметтік-экономикалық даму болжамын нақтылау шараларын қолға алуды тапсырған болатын.
Ұлттық қордан алынатын трансфет ұлғайтылады
2020 жылы Ұлттық қордан алынатын кепілдендірілген трансферт көлемі 2 триллион 70 миллиард теңгеге артып, 4 триллион 770 миллиард теңгеге жетеді.
Ұлттық экономика министрі Руслан Дәленов трансфертті ұлғайту дағдарысқа қарсы шараларды қаржыландырып, бюджетке кем түсетін ақшаның орнын толтыру үшін қажет екенін жеткізді.
sputniknews.kz