«Жадымызда қаласың»: Сәкен Майғазиевтің шаштараз әпкесі көз жұмды — Қазақстан жаңалықтары

0

Сәкен Майғазиевтың шаштараз досы көз жұмды. Әрі әпкесі, әрі досына айналған шаштараз жаман аурумен күресіп, о дүниеге кете барды. Әнші оның отбасына көңіл айтып, қолдау білдірді.

Алтыным-ай! Жаны жайсаң, жанашыр жан, жарқыраған күйіңде жадымызда қаласың, Ұлтуар. Бір үйдің баласындай болып едік. 20 жыл бойы менің шашыма қолының табы тиген әпке-досым. «Басымдағы бес орайды бағындырған сендей шебер шаштаразға ескерткіш қою керек, Оля», деп қалжыңдаушы ем. 5 жыл жаман аурумен ауырып, соңғы бір жылда төсек тартып жатып қалды. Соған қарамастан мен үшін тұрып қызмет жасайтын. Көңілін көтеріп, қуаттандырып кететінмін. Екі ұлы мен келіндері де: «Аға, сіз келіп кеткен күні көңілі көтеріліп қалады, шашыңыз өспесе де жиі келе беріңізші», дейтін. Мынау екеуміз сапарлас (соңғы) болған бейне екен. «Оля, 8-9 наурыз Орал, Ақтау қаласында концертім, кеттік менімен бірге», деп едім балаша қуанып : «Төсекте таңылып шаршадым, кетсек кеттік», деді. Аяғына әрең тұрып жүрген нәзік жаннан ондай жауап күткен жоқпын. Жүзі жадырап сала берді. Билет алып ұштық та кеттік. Тәуліктеп ұйықтай алмай , тамақ іше алмай жүрген Ұлтуар сол сапарда 2 күн бойы 10-15 сағаттап ұйықтап, тамақ ішіп, көңілі көкке көтеріліп қайтып еді. Бой жазып қайтқан екен ғой алтыным. Жаның жәннәтта шалқысын, жақсы адам», — деп еске алды әнші желідегі парақшасында.

 

 

 

Алтыным-ай! 😢 Жаны жайсаң, жанашыр жан, жарқыраған күйіңде жадымызда қаласың, Ұлтуар. 😢 Бір үйдің баласындай болып едік. 20 жыл бойы менің шашыма қолының табы тиген әпке-досым. «Басымдағы бес орайды бағындырған сендей шебер шаштаразға ескерткіш қою керек, Оля», деп қалжыңдаушы ем. 5 жыл жаман аурумен ауырып, соңғы бір жылда төсек тартып жатып қалды. Соған қарамастан мен үшін тұрып қызмет жасайтын. Көңілін көтеріп, қуаттандырып кететінмін. Екі ұлы мен келіндері де: «Аға, сіз келіп кеткен күні көңілі көтеріліп қалады, шашыңыз өспесе де жиі келе беріңізші», дейтін. Мынау екеуміз сапарлас (соңғы) болған бейне екен. «Оля, 8-9 наурыз Орал, Ақтау қаласында концертім, кеттік менімен бірге», деп едім балаша қуанып : «Төсекте таңылып шаршадым, кетсек кеттік», деді. Аяғына әрең тұрып жүрген нәзік жаннан ондай жауап күткен жоқпын. Жүзі жадырап сала берді. Билет алып ұштық та кеттік. Тәуліктеп ұйықтай алмай , тамақ іше алмай жүрген Ұлтуар сол сапарда 2 күн бойы 10-15 сағаттап ұйықтап, тамақ ішіп, көңілі көкке көтеріліп қайтып еді. Бой жазып қайтқан екен ғой алтыным. 😢 Жаның жәннәтта шалқысын, жақсы адам. 🤲😢

Публикация от Saken Maigaziyev (@saken_maigaziyev)

Ол әпке-досымен бірге түскен сурет-видеосын жариялады. 

Әншіге желі қолданушыларынан бөлек өнердегі әріптестері көңіл айтып жатты.

Димаш Құдайбергенов жазба астына «Иманды болсын» деп көңіл айтты. 

«Алла рақымына бөлесін, иманды болсын»,  деп жазды Ердос Қанаев. 

«Иманды болсын. Өкінішті. Күлсе көздерінен күн көрінетін жан екен. Алла жақындарына сабыр берсін!».

«Иманы жолдас болсын,сен де жеріне жеткізе айттың-ау,қарағым».

«Күне кеше дастархандас болып едік. Аллам Жәннәттық қылсын», — деп жазды желідегілер.



stan.kz