«Birgemiz» қорына 14 миллиард теңге қаражат жиналды

0

Қоғам

Қысқа сілтеме алу

3 0 0

7 миллиард теңгелден астам қаражат 150 мыңнан астам мұқтаж жанға қаржылық көмек көрсетуге жұмсалды

НҰР-СҰЛТАН, 8 сәуір – Sputnik. «Birgemiz» қайырымдылық қоры осы уақытқа дейін жиналған ақшаның сомасын жариялады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан қордың әлеуметтік желідегі ресми парақшасына сілтеме жасап.

«7 сәуірдегі сағат 18.00-дегі жағдайға сәйкес «Birgemiz» қорының шотында 14 173 597 475 теңге жиналды», – делінген ресми хабарламада.

Қазіргі уақытта қордың шығысы 8 259 750 000 теңгені құрады. Соның ішінде мынадай шығындар бар:

  • 531 000 000 теңге төтенше жағдай режимін қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік комиссияның ұсынысымен СК «Фармация» үкіметтік операторына 5 млиллион дана маска сатып алу үшін жіберілді;
  • 7 623 150 000 теңге барлық облыстар, елорда мен республикалық маңызы бар қалалардағы «Birgemiz» қорының шотына халықтың әлеуметтік әлсіз санатына кіретін мұқтаж жандарға (150 мыңнан астам) 50 мың теңгеден қаржылық қолдау көрсету мақсатында жіберілді;
  • 105 600 000 теңге Нұр-Сұлтан және Алматы қаласында коронавируспен күреске жұмылдырылған медициналық қызметкерлерге төлем үшін медициналық мекемелердің шоттарына жіберілді.

Еске сала кетейік, «Birgemiz» қайырымдылық қоры еліміздің тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен COVID-19 пандемиясы жағдайында тұрғындардың әлеуметтік әлсіз топтарын қолдау мақсатында құрылды.

Қор жұмысының ашықтығы мен есептілігін қамтамасыз ету үшін құрамына белгілі қоғам және мемлекет қайраткерлері, азаматтық қоғам өкілдері мен жастар кірген қамқоршылық кеңес бақылау жүргізетін болып шешілді. Сондай-ақ, объективті жұмыс істеп, қор қаржысын бөлу үшін басшылыққа алынатын негізгі 10 қағидат бекітілген.

Қорға жиналған қаражат және оның қандай мақсаттарға жұмсалып жатқанын қадағалап отыру үшін ресми сайт ашылды. 



sputniknews.kz