Серік Сүлейменов президенттің арнайы өкілі болып тағайындалды — Қазақстан жаңалықтары

0

Серік Сүлейменова Қазақстан Республикасы президентінің «Байқоңыр» кешеніндегі арнайы өкілі болды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Ақордаға сілтеме жасап.

«Мемлекет басшысының өкімімен Сүлейменов Серік Жүсіпұлы Қазақстан Республикасы президентінің «Байқоңыр» кешеніндегі арнайы өкілі болып тағайындалды», — делінген хабарламада.

Мемлекет басшысының жарлығымен Намаев Бақытжан Біләлұлы Қазақстан Республикасы президентінің «Байқоңыр» кешеніндегі арнайы өкілі қызметінен босатылды, делінген құжаттар мәтінінде.

Серік Сүлейменов 1966 жылы туған. Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетін математика және құқықтану мамандығы бойынша бітірген. Осы жылдар ішінде ол президент әкімшілігінде, премьер-министр кеңсесінде және квазимемлекеттік секторда қызмет атқарды.

 

stan.kz