Қазақстанда 91 жастағы қария коронавирустан көз жұмды
Қазақстанда қауіпті вирустан осымен жетінші пациент қайтыс болды. Науқас – Ақмола облысының 1929 жылғы тұрғыны
АЛМАТЫ, 8 cәуір – Sputnik. Ақмола облысында коронавирус індетінен бір науқас көз жұмды, деп хабарлады денсаулық сақтау министрлігі.
Науқас 1929 жылы дүниеге келген.
Осылайша Қазақстанда індеттен көз жұмғандар саны жеті адамға жетті.
Бұдан бөлек, 8 сәуір сағат 13:45-тегі жағдай бойынша, инфекция жұқтырған тағы бес адам тіркеліп отыр.
«Қызылорда облысында – 3 адам, Ақмола облысында– 1 адам, Маңғыстау облысында – 1 адам», делінген хабарламада.
Республика бойынша 709 адам вирус жұқтырды.
- Нұр-Сұлтан қаласы — 222 адам
- Алматы қаласында – 119
- Қарағанды облысында — 55
- Ақмола облысында — 43
- Атырау облысы — 36
- Жамбыл облысында — 45
- Шымкент қаласында -20
- Шығыс Қазақстан облысында — 6
- Алматы облысында — 10
- Ақтөбе облысында — 11
- Солтүстік Қазақстан облысында — 25
- Павлодар облысында — 1
- Маңғыстау облысында — 6
- Қызылорда облысында — 72
- Батыс Қазақстан облысында — 2
- Түркістан облысында — 33
- Қостанай облысында — 3.
Соңғы ақпарат бойынша, елімізде 53 адам аурудан айықты, жеті науқас қайтыс болды.
sputniknews.kz