Алматының 20 тұрғыны көшеде себепсіз жүргені үшін қамауға алынды — Қазақстан жаңалықтары

0

Алматыда 20 адам көшеде себепсіз жүргені үшін қамауға алынды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

тексеріс

Өткен тәулікте мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сот ӘҚБтК-не сәйкес 19 әкімшілік істі қарады, оның ішінде әкімшілік қамауға алу бойынша – 2 факт, айыппұл салу бойынша – 17 факт бар.

Көшеде себепсіз жүргені үшін 46 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды, оның 20-ы қамауға алынды, 23 адамға айыппұл салынды.

«Карантин басталғаннан бері ТЖ режимін бұзғаны үшін 346 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды, оның ішінде 172 адам әкімшілік қамауға алынды, қалғандарға айыппұл салынды», — деді Алматы полициясы департаменті бастығының бірінші орынбасары Нұрлан Алмасбеков.

Оның айтуынша, бүгінгі күні қалада 35 қоршау бекеттері ұйымдастырылған. Бір тәулік ішінде мегаполисте қозғалу құқығының болуы тұрғысынан 21 мыңға жуық көлік құралы тексерілген.

«Қалада ешқандай себепсіз жүргені үшін аудандық полиция басқармасына 71 жүргізуші жеткізілді. Оларға қатысты әкімшілік материалдар жасалды, олар одан әрі шешім қабылдау үшін сотқа жіберілетін болады. 28 автокөлік арнайы айып тұрағына қойылды», — деді Нұрлан Алмасбеков.

 

stan.kz