Қордайға жаназаға барған елорда тұрғыны бірнеше адамға коронавирус жұқтырды
Жамбыл облысының әкімдігі өңірде COVID-2019 инфекциясын жұқтырған алты адамға қатысты мәлімет берді
НҰР-СҰЛТАН, 6 сәуір – Sputnik. Жамбыл облысында алты адам коронавирус инфекциясын жұқтырды. Барлығы Қордай ауданының тұрғыны, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Індетке шалдыққандар – 1958, 1963, 1968, 1971, 1988 және 2001 жылы туған азаматтар.
«Алдын ала мәлімет бойынша, 17 наурыз күні Қордай ауданына жақын туысын жерлеу рәсіміне келген Нұр-Сұлтан қаласының 30 жастағы тұрғыны жұқтыру көзі болған», — деп хабарлады Жамбыл облысы әкімдігі.
Байланыста болған адамдарды анықтау, оларды карантиндік стационарға орналастыру, зертханалық зерттеу үшін талдау алу жұмыстары жүргізіліп жатыр.
Оқи отырыңыз: Түркістан облысында көз жұмған науқас Алматыдан келгенін жасырған
Сондай-ақ, санитарлық-эпидемиялық қызметтер олардың тұрғылықты жері және барған жерлеріндегі ошақтарда дезинфекциялық өңдеу шараларын жүргізуде.
sputniknews.kz