42 500 теңгені декретте отырғандар қандай жағдайда алады

0

Қазір төтенше жағдай кезінде кірісінен айырылуына байланысты әлеуметтік төлем алуға 938 мың адамнан өтініш түскен

НҰР-СҰЛТАН, 6 сәуір – Sputnik. Декреттік демалыста отырған аналар төтенше жағдай кезінде 42 500 теңге алуға өтініш бере алады. Бұл туралы еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі. 

Министрдің айтуынша, әлеуметтік төлемге декретке шыққанына бір жыл толған әйелдер өтініш бере алады.

Ол декреттік демалыста отырған аналарға бала күтіміне байланысты бір жылға дейін мемлекет тарапынан жәрдемақы төленетінін атап өтті. 

«Бір жылдан соң, олар жұмысқа шығар еді. Бірақ, қазір оларды ешкім жұмысқа алмайды. Сондықтан декретте отырған аналар бір жылдан соң, бірыңғай жиынтық төлемді төлеп, 42 500 теңге жәрдемақыны алуға мүмкіндігі бар», — деді Нұрымбетов онлайн брифингте. 

Айта кетсек, қазір төтенше жағдай кезінде кірісінен айырылуына байланысты әлеуметтік төлем алуға 938 мың адамнан 1 миллион 284 мың өтініш түскен.

 



sputniknews.kz