Ата – аналар үшін баланың балабақшаға бейімделу туралы мамандар кеңесі | Ата – аналар үшін баланың балабақшаға бейімделу туралы психолог кеңес, балабақша психологының ата-аналарға кеңесі, балабақша кеңестері, балабақша кеңесі, кеңес балабақша, ата-аналарға кеңес балабақша, балабақша ата

0
Сонымен, сіздің кішкентай ғана қазынаңыз таң атпастан балабақшаға бару керек. Бастапқыда үйренуі қиын болды, уақыт өте келе бәрі де қалпына келе бастады. Бірнеше рет барып, ойынын, өзін ұстауын тамашаладыңыз. Ойдағыдай еді…

Алайда, ол бүгін балабақшаға барудан да, киінуден де бас тартты. Себебін сұрадыңыз, жауап – «барғым келмейді, болды». Әдетінше көз жастар моншақтап аға бастады.

Дәл осындай тығырықтан шығу үшін психолог кеңесін оқып алғаныңыз жөн.

Ең, ең бастысы – күш көрсетуден аулақ болу керек, мәселенің байбына барып, жұмсақ сөйлесіңіз.

Ал мамандар кеңесі төмендегідей:

Балабақшада сәбиіңізге қысым көрсетілмейтіндігіне көз жеткізіңіз. Әріп жаттауға, сандарды тануға мәжбүрлей ма екен? Өзіңізде оны қыстамаңыз.

Балабақшаға ұзақ уақыт барған бала өзі дәретханаға барып, рұқсат сұрай алатын жағдайда болуы керек. Баланы таңертең киіндіргенде киімде артық түймелер мен батырмалардың болмауын қадағалаңыз. Бұл сәбидің ығырын шығарады.

– Баланы алғаш рет балабақшаға алып келгенде құрдастарымен дұрыс ойнауына мән беріңіз. Өзгені ұрмауын, ойыншықпен бөлісуін, адам талғамауын айтып, ақыл-кеңестеріңізді аямаңыз.

– Тәрбиешінің лауазымын жоғары етіп көрсетіңіз, оның тілін алуға үйретіңіз. Ол үшін тәрбиешінің жеткілікті түрде сауатты екендігіне көз жеткізіңіз. Баланың өзін жақсы сезінуі тәрбиешіге жіне тобындағы балаларға байланысты.

– Ойын-сауықтарды да ұмытпаңыз. Себебі, бала онда тек қана оқуды үйренбейді, бірінші кезекте балалармен бірге көңіл көтеріп, жағымды әсерлер алады, танымын кеңейтеді. Осының бәрі сәбиді қанағаттандыратын болса, балабақшаға қуана-қуана барған болар еді.