Бір сағаттан артық мобильді ойын ойнауға тыйым салынды
Бұл бастама Қытайда жасөспірімдердің ойын ойнауға көп уақыт жұмсауды тоқтатуын қамтамасыз етуге бағытталған.
Қазір Қытайда мобильді ойындардың қолданылуын шектейтіні белгілі болды. Бірінші кезекте бұл бастама жасөспірімдерге қатысты.
Бұл шешім «Honor of Kings» ойынының танымалдылығының артуына байланысты болды. Көбінесе 12 жасқа дейінгі балалар бұл ойынға соншалықты тәуелді, олар тіпті көп ойнау үшін ұйықтаудан бас тартады және үй тапсырмасын орындамайды.
Салдарынан сабақ үлгерімдері төмендеп, өзге дүниелерге қызуғышылықтары жоғалған. Енді, ойынға құмарларға сағат кешкі 9-дан таңғы 8-ге дейін ойнауға тыйым салынатын болды.