Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының отырысы болды

0

Отырысты аша отырып, ОСК төрағасы Берік Имашев сайлау комис­сияла­рының жаңа құрамдары 2019 жыл­дың бірінші тоқсанында қазіргі құрам­дардың өкілеттік мерзімінің аяқталуы­на байланысты қалыптасуда екенін атап көрсетті. Комиссиялардың жаңа құрам­дарын сайлау бойынша мәслихаттар­дың сессияларын 2019 жылдың 15 қаң­тарына дейін өткізу жоспарланып отыр.

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заң­ның күшіне енген түзетулеріне сәй­кес комиссиялардың құрамдарын қалып­тастыру тәртібі реттеліп, қолданыстағы құқықтық кемшіліктер жойылды. Алғаш рет аумақтық сайлау комис­сияларының жаңа құрамдарында төра­ғалар немесе олардың орынбасарлары, сондай-ақ хатшылар өздерінің өкілет­тіктерін тұрақты кәсіби негізде жүзеге асырады. 

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңның 10-бабына сәйкес аумақтық және учас­келік сайлау комиссияларының мүше­лерін саяси партиялардың ұсыныс­тары негізінде тиісті мәслихаттар сайлайды.

Әрбiр саяси партия тиiстi сайлау комиссиясының құрамына бiр кандидатура ұсынуға құқылы. Саяси партия сайлау комиссиясының құрамына осы саяси партияның мүшелерi болып табылмайтын кандидатураларды ұсынуға құқылы.

Отырыс барысында 2019 жылы сайлау комиссияларының құрамдарын қалыптастыру жөніндегі ұсынымдардың жобасы талқыланды. Пікір алмасу нә­ти­жесі бойынша отырыстың барлық қа­ты­­су­шыларымен келісілген ұсыным­дар­ды Орталық сайлау комиссиясы мақұл­дады.

Орталық сайлау комиссиясының мү­шелері «Шымкент қаласы аудан­дары­ның аумақтық сайлау комиссияларын құру туралы» қаулыны бірауыздан қабылдады.

Аталған қаулымен  Шымкент қала­сының Абай, Әл-Фараби, Еңбекші және Қаратау аудандарында төрт аудандық аумақтық сайлау комиссиясы құрылды.

Жолдыбай БАЗАР,

«Егемен Қазақстан»