Қазақстанда тағы 5 адамнан коронавирус анықталды — Қазақстан жаңалықтары
Қазақстанда коронавирусты жұқтыру жағдайларының саны 86-ға жетті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.
«26 наурыз күні сағат 08:05-те Қазақстанда коронавирустық инфекцияны жұқтырудың тағы бес оқиғасы тіркелді — Нұр-Сұлтан қаласында — 3 жағдай, Алматы қаласында — 2 жағдай», — делінген ведомствоның хабарламасында.
Бүгінгі күні елде коронавирусты тіркеудің 86 жағдайы расталды. Оның ішінде Нұр-Сұлтанда — 44 жағдай, Алматы — 34 жағдай, Қарағандыда — 2 жағдай, Шымкентте — 2 жағдай, Алматы облысында — 1 жағдай, Ақтөбе облысында — 1 жағдай, Жамбыл облысында — 1 жағдай, Солтүстік Қазақстан облысында — 1 жағдай. Сондай-ақ, екі адам коронавирустан сауықты.
Бұған дейін Алматыда коронавирусты жұқтырудың жаңа жағдай тіркелгені хабарланды.
stan.kz