Қазақстанда екі науқас коронавирустан сауықты

0

Қоғам

Қысқа сілтеме алу

1 0 0

Қазақстанның коронавируспен күрестегі алғашқы жеңісі — екі науқас дерттен жазылды, олар ауруханадан шығарылады

НҰР-СҰЛТАН, 25 наурыз — Sputnik. Қазақстанда екі науқас коронавирустан сауықты, олар ертең ауруханадан шығарылады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі. 

«Бүгінгі басты жаңалық – жақсы, қуанышты жаңалық. Ертең екі науқас ауруханадан шығады, олар коронавирустан сауықты. Қазір олар дәрігерлердің бақылауында, олардан анализдер алынады. Бұл біздің вируспен күрестегі бірінші жеңісіміз деп айтуға толық негіз бар, бірақ соңғы емес», — деп мәлімдеді ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев.



sputniknews.kz