«Халықтың есебінен күн көріп, енді оларға тиын-тебен беріп отырсыңдар»: Мұхтар Тайжан олигархтарға шүйлікті — Қазақстан жаңалықтары

0

Қоғам қайраткері Мұхтар Тайжан елдегі коронавирусқа қарсы күреске қазақстандық олигархтарды бөлген қайырымдылыққа қатысты Facebook парақшасында пікір білдірді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Тайжан

Ол Facebook-те қазақстандық олигархтардың коронавируспен күреске бөлген қаражат мөлшерін сынға алды.

Ол Forbes тізімінде тұрған Илон Маск және Стив Джобс пен қазақстандық миллиардер қалай байығанын салыстырып қарады. 

«Ал біздікілер ше? Бар осы ма, жоқ? Біздің Форбс тізім дегеніміз не? Олар Қазақстанда миллиардер қалай атанды? Мүмкін, олар Илон Маск немесе Марк Цукерберг немесе Стив Джобс сияқты бірдеңе ойлап тауып, іске қосып, өз жағдайын адал жолмен жасаған шығар? Мүмкін, олар шағын бизнеспен күн көретін адамдарша күнде белден қалып, маңдай терімен ақша тапқан шығар?», — деп сұрайды Мұхтар Тайжан.

«Жоға, олар мемлекеттік меншікті, зауыттарды, кен орындарын уақытында жекешелендіріп алды. Содан кейін олар өсуші банктерді ашты, екі есе-үш пайыз бойынша халық несиелерін тартып алды. Ол жерде тек адамдардың соңғы пәтерін тартып алған жоқ, қатаң рейдерлік бизнесмендерге де шүйлікті. Ал Форбс тізімінің көпшілігі әлі күнге дейін миллиардтаған мемлекеттік субсидияға, яғни мемлекеттік есеп үшін өмір сүреді!»- деп мәлімдеді Мұхтар Тайжан.

«Енді болмашы тиын-тебенді халыққа лақтырып отыр… Аңқау елге, арамза молда болып, әлі күнге халықтың есебінен күн көріп, қанауды жалғастыруда!»- деп ашуланды ол. 

stan.kz