Нұр-Сұлтанда тағы бір адамнан коронавирус табылды

0

Бүгін президент Ақордада өткізген төтенше жағдай жөніндегі мемлекеттік комиссияның отырысында коронавирус індетіне байланысты табысын жоғалтқан адамдарға жәрдемақы төлеуді тапсырды

АЛМАТЫ, 23 наурыз – Sputnik. Нұр-Сұлтан қаласында тағы бір адамнан коронавирус табылды, деп хабарлайды денсаулық сақтау министрлігі.

23 наурыз сағат 13.50-дегі жағдай бойынша Қазақстанда коронавирус жұқтырғандар саны 62 адамға жетті. Нұр-Сұлтан қаласы бойынша 32 адам, Алматы қаласында 26 адам, Қарағанды каласында 2 адам, Алматы облысында 1 адам, Ақтөбе облысында 1 адам тіркелді.

Қазақстанда 16 наурызда төтенше жағдай режимі енгізілді, ол отыз күнге жалғасады. 19 наурыздан бастап Алматы мен Нұр-Сұлтан қаласы карантинге жабылды.

Айта кетейік, бүгін президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ақордада өткізген төтенше жағдай жөніндегі мемлекеттік комиссияның отырысында коронавирус індетіне байланысты табысын жоғалтқан адамдарға жәрдемақы төлеуді тапсырды.

Тоқаев алдын ала есептеулер бойынша қазіргі ахуал 500 мыңға жуық азаматтың қаржылық жағдайына кері әсерін тигізетінін айтты. Сондықтан төтенше жағдай салдарынан кірісін жоғалтқан адамдарға 1 ең төменгі жалақы (42 500 теңге) көлемінде ай сайынғы төлемдер жасауды тапсырды.

Тағы оқыңыз: 

Сонымен қатар 55 жастан асқан адамдардың жұмысқа шығуын шектеуді, коронавируспен күрес жүргізіп жатқан дәрігерлерге, полицейлерге және өзге де мамандарға бір айлық жалақы мөлшерінде сыйақы беруді тапсырды.

 



sputniknews.kz