Төтенше жағдай кезінде табысын жоғалтқан қазақстандықтарға жәрдемақы төленеді
Қысқа сілтеме алу
Президенттің айтуынша, алдын ала есеп бойынша мұндай қолдауға 1,5 миллион отандасымыз ие бола алады
НҰР-СҰЛТАН, 23 наурыз – Sputnik. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ақордада өткізген төтенше жағдай жөніндегі мемлекеттік комиссияның отырысында коронавирус індетіне байланысты табысын жоғалтқан адамдарға жәрдемақы төлеуді тапсырды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Бүгінде тек Алматы қаласындағы карантин кезеңінде кәсіпорындардағы жұмысшылар саны 266 мың адамға азайды. Бұл жағдай жеке кәсіпкерлер арасында да байқалып, олардың 80%-ті өз қызметін тоқтатқан.
«Алдын ала есептеулер бойынша қазіргі жағдай 500 мыңға жуық азаматтың қаржылық жағдайына кері әсерін тигізді. Сондықтан, төтенше жағдай салдарынан кірісін жоғалтқан адамдарға 1 ең төменгі жалақы (42 500 теңге) көлемінде ай-сайынғы төлемдерді төлеуді тапсырамын», – деді Тоқаев.
Президенттің айтуынша, алдын ала есеп бойынша мұндай қолдауға 1,5 миллион отандасымыз иелік етуі мүмкін.
«Қажет болса, қолдау көлемін ұлғайта отырып, қамту ауқымын кеңейтуге де резервтік қор жеткілікті. Мемлекеттік комиссияға төлемдердің ашық әрі тиімді тетігін жасауды тапсырамын», – деді президент.
Оқи отырыңыз: Тоқаев 55 жастан асқан адамдардың үйде отыруын қамтамасыз етуді тапсырды
Ал мемлекет тарапынан көрсетілетін қолдауға кімдер ие болатындығын қоғам өкілдері мен «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасының мүшелері кіретін арнайы өңірлік штабтар анықтайды.
sputniknews.kz