Алматы әкімдігі мекен-жайды жариялады  

0

Қалада инфекцияның он ошағы анықталды, оның екеуі – жеке тұрғын үй, ал қалған сегізі – көп қабатты үй

АЛМАТЫ, 21 наурыз – Sputnik. Алматы қаласының әкімдігі коронавирус инфекциясы ошақтарының мекенжайын жариялады, деп хабарлады Sputnik Қазақстан.

Барлық ошақ бақылауға алынып, карантин енгізілді.

«Алматыда коронавирус инфекциясының әрі қарай таралуына жол бермеу мақсатында COVID-19 ошақтары аумағында қала тұрғындарының қозғалысына шектеу қойылды», — делінген ақпаратта.

Қалада инфекцияның он ошағы анықталды, оның екеуі – жеке тұрғын үй, ал қалған сегізі – көп қабатты үй.  

  • Алтай ықшам ауданы, 8;
  • Жасқанат ықшам ауданы, 86;
  • Еңлікгүл, 34 А;
  • Зенков көшесі, 59;
  • Достық даңғылы, 162;
  • Гоголь көшесі, 75;
  • Сары-ой, 234;
  • Жароков көшесі, 16;
  • Желтоқсан көшесі, 125;
  • Байтұрсынов көшесі, 78/1.

Коронавирус Алматының бес ауданында анықталды: Алмалы ауданында – 3, Медеу ауданында – 3, Түрксіб ауданында – 2, Жетісу ауданы мен Алатау ауданында бір ошақтан бар.

Коронавирус эпидемиясы

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен 16 наурызда Қазақстанда төтенше жағдай жарияланды. Ол отыз тәулікке жалғасады. 19 наурызда Алматы мен Нұр-Сұлтан қаласы карантинге жабылды.

Алматы облысында бір адам коронавирус жұқтырғаны анықталды

Азаматтарға екі қалаға кіріп-шығуға 22 наурызға дейін уақыт берілді. Карантин енгізілуіне байланысты ірі сауда және ойын-сауық орталықтары, мәдениет, тамақтану және қызмет көрсету орталықтары уақытша жабылды.

Соңғы мәлімет бойынша, Қазақстанда коронавирус жұқтырғандар саны 53 адамға жетті. Алматы қаласында – 22 адам, Нұр-Сұлтан қаласында – 28 адам, Қарағанды қаласында – 2 адам, Алматы облысында бір адам тіркелді.



sputniknews.kz