АҚШ-тың кешіккен мәлімдемесі Ресей-Түркия қатынасына қалай әсер етті

0

Әлемде

Қысқа сілтеме алу

1 0 0

АҚШ-тың мемлекеттік хатшысы Майк Помпео ондаған түрік әскери ұшқышының қаза болуына Ресейді айыптады

Сонымен қатар, ол «НАТО одақтастарына» қолдау білдіріп, Құрама Штаттар «зорлық-зомбылықты аяқтау үшін Түркияны қолдаудың жаңа шараларын» қарастыратынын мәлімдеді, деп жазады РИА Новости.

Бұл Вашингтонның сириялық Идлибте соңғы кездердегі шиеленісуіне қатысты алғашқы қатал мәлімдемесі. Осы уақытқа дейін АҚШ түрік сарбаздарының қаза тапқаны үшін Мәскеуге тікелей жауапкершілік жүктемеген.  

Алайда, Помпеоның араға уақыт салып барып жарияланған мәлімдемесінің орынсыздау екенін байқамау мүмкін емес.

Идлиб төңірегіндегі дағдарыс – ақпанның екінші жартысы мен наурыз айының бастапқы кезінде орын алды. 5 наурызда Владимир Путин мен Тайып Ердоған Мәскеуде кездесіп, бірқатар келісімдерден кейін шиеленістер басылды.

Аймақтағы жағдай әлі де қиын. Стратегиялық маңызы зор М4 тас жолын ресей түрік әскерлерінің бірлескен патрульдеуі оны басқарып отырған содырлардың қатты қарсылығына тап болуда. Соған қарамастан процесс жалғасуда.

«Түрік ағынынан» бастап «Ақ құй» АЭС құрылысына дейінгі екіжақты ынтымақтастықтың басқа салаларына да бұл шиеленіс әсер еткен жоқ.

Күні кеше ғана Федералды қызметтің әскери-техникалық ынтымақтастық жөніндегі (FSVTS) директоры Дмитрий Шугаев Анкарада С-400-дің екінші партиясын сатып алуға дайындық жұмыстары жалғасып жатқанын айтты. Сонымен қатар, шенеуніктің мәлімдеуінше қосымша жеткізілім Түркияның зениттік-зымыран жүйесін өндіруге қатысуына байланысты болады. Бұл ақпарат ашық жарияланбағанымен, бөлім бастығы мұндай қадам Ресейдің ұлттық мүдделеріне ешқандай қауіп пен зиян келтірмейтінін айтады.

Тұтастай алғанда, ресей-түрік қатынастары күрделі жағдайда қауіпсіз жалғасуда. Бұл жерде кейбір мәселелер бойынша қарама-қайшылықтар мен тіпті түсінбеушіліктер болып жатса да, нәтижелі серіктестікке әсер етпейді.

Дегенмен, жақында ғана The Post Washington газетінде «Түркия Ресей мен Батысты қалай жоғалтты» деген мақала жарияланып, онда түрік бағытына америкалықтар жетекшілік етуде дегенге саятын ой айтылды. Сондай-ақ, бұл жағдайға Ердоғанның өзі кінәлі және ол өз таңдауының салдарын өз бетінше жоюы керек. Түркия президентінің Анкараның геосаяси және егеменді нығаюына үмітпен сәтті азғырған Путинмен сұхбаттасуы, оны батыстық одақтастарымен жанжалдасып, Мәскеумен бетпе-бет қалдырды. Бұл, әрине, қалыптасқан жағдайды олар өздерінің пайдасына шешу мүмкіндігін жіберіп алмайды деп жазды.

Қалай десек те, мақаланың соңы қызықты. Түрік лидерінің қателіктерді еріксіз мойындауы туралы ешқандай болжам жоқ. Бірақ, ол көне де қайырымды батыстан көмек сұрап жүгінеді. Тіпті, егер ол өзін жақсы көрсете білсе, ондай көмекті алуы да мүмкін. Немесе, Тайып Ердоған үшін тіпті керісінше болуы мүмкін деп болжайды.

Осы тұрғыда, Түркия президентіне қатысты мемлекеттік хатшының айтқан ұстанымы жұқалтаң кекесін ретінде қабылданды. Ал америкалықтар үшін бұл мәселе келемеждеумен тең.

Сыртқы саясаттағы өрескел тұжырымдар тиісті елдің нақты мүмкіндіктері мен оның мақсаттарына жету қабілеттілігін көрсететін әлдеқайда әсерлі дәлелдерге қосымша болған кезде жақсы және тиімді.

Ресейдің тіпті қолайсыз жағдайда да өз мақсатына жете алатынын және Мәскеу мәлімдемесі әрқашан құнды болатынын көрген соң, Ресейдің сыртқы саяси риторикасына әлем ден қоя бастады. Осы кезге дейінгі ұзақ жылдық реакция әдеттегідей: орыстар көп айта береді – олар бәрібір басқа нәрсеге қабілетті емес деген сарында немқұрайлы болды.

Американың сыртқы саясаты көз алдымызда кері бағыт алуда: Вашингтон  сөздері тым жеңіл әрі ол Ақ үй қалағандай қабылданбайды. Мұның бәрі де Америка Құрама Штаттарының ерік-жігері мен мақсатының болып жатқан нәрсеге әсер ете алмайтындығын аңғартады.

АҚШ мемлекеттік хатшысының сөзі Ердоған үшін улы сабақ немесе Ресей үшін қатаң ескерту деп қанша терең мағына бергенімен, Таяу Шығыстағы елдерде АҚШ салмақ жоғалтты. Ал Майк Помпеоның кешіккен мәлімдемесі ештеңеге әсер етпейді. Демек, бұл жақында болған процестерге ешқандай әсер ете алмайтын биліктің жоғалтқан позициясы туралы бос сөз.



sputniknews.kz