Төтенше жағдай кезінде шетелдік нөмірлі көліктерді тіркеу тоқтатылмайды — әділет министрлігі — Қазақстан жаңалықтары

0

Қазақстанда төтенше жағдай кезінде шетелдік нөмірлі көліктерді тіркеу тоқтатылмайды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі КТК арнасына сілтеме жасап.

Карантин уақытында да халыққа қызмет көрсету орындары қалыпты жұмыс істеуде. Өз кезегінде әділет министрі жүргізушілерге коронавирус жұқтырып алмау үшін «электронды үкіметті» пайдалануға шақырды.

Әділет министрі Марат Бекетаев карантин ережесін сақтамағандарға қатысты пікірін білдіріпті. Сөзінше,  талапқа бағынбаған карантиндегі үйлердің тұрғындарына жақын күндері жаза қатаңдатылуы мүмкін екен. Десек те шенеунік алдын ала ешнәрсе ашып айта алмады. Ал елдегі қиын жағдай уақытында әкімдер мен министрлерді қашықтықтан жұмыс істеуге жіберуге  заң тұрғысынан еш кедергі жоқ дейді министр.

«Төтенше жағдай мен карантинге байланысты әкімдер мен министрлерді тағайындауда ешқандай шектеулер жоқ, барлық шешімдер белгіленген тәртіппен қолданылуы мүмкін. Сонымен қатар, егер қажет болса, мұндай шешімдерді қысқа мерзімде қабылдауға да болады», — ҚР әділет министрі Марат Бекетаев.

stan.kz