БҚО бойынша ҚАЖД бас есепшісі ірі көлемде пара алды деген күдікпен ұсталды — Қылмыс

0

Батыс Қазақстан облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің бас есепшісі аса ірі көлемде пара алды деген күдікке ілінді, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілщісі «Уральская неделя» басылымына сілтеме жасап.

Басылымның мәліметінше, ҚАЖД бас есепшісі осыдан бірнеше күн бұрын ұсталған.

БҚО бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментіндегілер бұл мәліметті растады, алайда қосымша мәлімет беруден бас тартты.

«22 қарашада БҚО бойынша ҚАЖД қаржымен қамтамасыз ету бөлімінің қызметкері қылмыстық құқық бұзушылық жасады деген күдікпен ұсталды», — деп хабарлады баспасөз хатшысы міндетін атқарушы Тимур Дүйсалиев.

Департаменттегілердің айтуынша, Ұлттық бюро департаменті сотқа дейінгі тергеу жүргізіп жатыр.