ДДСҰ коронавирус кезінде қолма-қол ақшаның қауіптілігі туралы ескертті — Қазақстан жаңалықтары
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы (ДДCҰ) қолма-қол ақшаны пайдалану кезінде гигиена ережелерін сақтауды және оларды пайдаланғаннан кейін қолды жууды ұсынды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
ДДCҰ төлем кезінде қолма-қол ақшаны пайдаланудан мүлдем бас тартуға шақырмайды, алайда купюралар инфекция беру арнасы болуы мүмкін.
Сонымен қатар, вирустар қағазда да, пластикте де белсенді болып қалады. Бұл ретте банкноталардағы коронавирустық инфекцияның өмір сүру ұзақтығы үш күннен төрт күнге дейін, ал пластикалық карталарда тоғыз күнге дейін созылады.
«Сатып алуды картамен төлегенде, сондай-ақ пин-кодтарды теру кезінде сақтық шараларын сақтау керек. Байланыссыз төлемдер ең қауіпсіз», — делінген ДДСҰ хабарламасында.
ДДСҰ пин-код терілген картамен төлем кезінде сақтық шараларын сақтау керектігін атап өтті.
stan.kz