Алматыда 12 жастағы қыздан коронавирус анықталды — Қазақстан жаңалықтары
Алматыға шетелден келген қызға коронавирус диагнозы қойылды, — деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
«Алматыда тағы бір адамнан коронавирус анықталды. Бұл 2008 жылы туылған қыз, елге Германиядан ұшып келген.
Қазіргі уақытта Алматыда 7 вирус жұқтырған адам анықталып отыр, оның екеуі Нұр-Сұлтанда», — деді Денсаулық сақтау министрлігінің ресми өкілі Диас Ахметшарип.
Айта кетейік, Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов Қазақстанда коронавирус жұқтырғандардың саны сегіз адамға дейін өскенін айтқан.
stan.kz