Қазақстанда коронавируспен жұқтырғандардың саны сегіз адамға жетті — Қазақстан жаңалықтары
Қазақстанда коронавирус жұқтырғандардың саны сегіз адамға дейін өсті, — деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов Қазақстанда тәулігіне коронавирустың екі жаңа жағдайы анықталғанын айтты.
«Бүгін таңертең екі науқас тіркелді. Бірінші нақас 1959 жылы туылған әйел Алматы қаласында жұқпалы аурулар ауруханасында жатыр. Ол осыған дейін ауруханаға жатқызылған науқастың әйелі, яғни жақын байланыстар санатына жатады. Олар Мәскеуден келген болатын.
Екінші науқас, 1995 жылы туған ер адам Алматы — Сеул рейсімен кеше, 14 наурызда келді. Осы рейспен келген барлық жолаушылар, Қазақстаннан транзитпен ұшқандарды қоспағанда, барлық жолаушылар инфекциялық аурулар ауруханасына жатқызылды. Қазіргі уақытта тиісті диагностикалық шаралар жүргізілуде. Бүгінде Қазақстанда сегіз науқас тіркелген », — деді Біртанов.
Министрдің айтуынша, қазіргі уақытта ел бойынша 1400 адам стационарлық карантинде, 545 адам үй карантинінде.
stan.kz