Коронавирус жұқтырған дәрігер күн сайын жағдайының қалай нашарлап жатқанын айтып берді — Қазақстан жаңалықтары

0

Йел Тунг Чен, 35 жаста, Мадридтегі Universitario La Paz ауруханасында шұғыл көмек көрсету бөлімінің дәрігері. Сақтық шараларына қарамастан, коронавирус жұқтырған ол өзінің ағзасындағы өзгерістерді күнделік етіп жазған. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі News.com-ға сілтеме беріп хабарлайды.

Твиттердегі аккаунтында, диагнозы расталған алғашқы күннен бастап дәрігер күнделік жүргізе бастады. Онда ол аурудың белгілерін сипаттайды және ультрадыбыстық кадрлармен бөліседі.

1-күн

#COVID диагнозы қойылғаннан кейін 1-ші күн. Тамақ ауырып тұр, бас ауруы (қатты!), Құрғақ жөтел, демікпе. Өкпенің суреттерінде ешқандай өзгеріс байқалмайды, жағдайды портативті ультрадыбыстық аппараттың көмегімен бақылаймын.

2-күн

2-ші күні, 10 наурызда дәрігердің тамағындағы және басындағы ауырсыну азайған. Жөтел азайған және бұған Тун Чен қатты қуанған, алайда ультрадыбыстық суреттер өзгере бастады: ер адам екі жақты плевралық эффузияны (плевра қуысында сұйықтықтың жиналуы) байқаған.

3-күн
Үшінші күні бас пен тамақ ауруы толығымен тоқтаған, бірақ диарея басталған.

4-күн

Карантиннің 4-ші күні дәрігер жөтелінің күшейгенін және жағдайының ауырлағанын айтады. COVID-19 негізгі белгілерінің бірі — кеудедегі ауырсыну және тыныс алу байқалмаған.

5-күн

13 наурызда (5-ші күн) дәрігер жөтел мен шаршағыштық бәсеңдегенін жазған.

#COVID диагнозынан кейінгі 5-ші күн. Жөтел аз, әлі де тыныс алу / кеудедегі ауырсыну жоқ. Ультрадыбыстық тексеріс: эффузия байқалады, сұйықтық жиналған. Ол гидроксихлорохин қабылдай бастағанын жазады.

LBC News-қа берген сұхбатында Тун Чен өткен жұмада, 6 наурызда өзін жайсыз сезінгенін айтқан. Ол COVID-19 бар науқастармен қарым-қатынаста болмаса да, сараптамадан өткен. Қазіргі уақытта дәрігер карантинге жабылып, ем қабылдап жатыр.

stan.kz