Тоқаев қазақстандықтарды сабырлық сақтауға шақырды
Қазақстан президенті коронавирусқа байланысты фейк ақпарат таратып жатқандар жазаланатынын айтты
НҰР-СҰЛТАН, 15 наурыз — Sputnik. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев елдегі эпидемиологиялық жағдайға байланысты қазақстандықтарды сабырлық сақтауға шақырды.
«Өкінішке қарай, коронавирус Қазақстанды да айналып өтпеді. Үкімет пен әкімдер өзіміздің және шетел азаматтарының қауіпсіздігі үшін айрықша шаралар қабылдауда», — деп жазды Тоқаев Twitter-парақшасында.
Өкінішке қарай, коронавирус Қазақстанды да айналып өтпеді. Үкімет пен әкімдер өзіміздің және шетел азаматтарының қауіпсіздігі үшін айрықша шаралар қабылдауда. Жағдай толық бақылауда. Сабырлық танытып, жеке гигиенаны сақтау қажет. Арандатушылар жазаланады.
— Qasym-Jomart Toqayev (@TokayevKZ) March 14, 2020
Оның айтуынша, коронавирустық инфекцияға қатысты жағдай толық бақылауда.
«Сабырлық танытып, жеке гигиенаны сақтау қажет. Арандатушылар жазаланады», — деді мемлекет басшысы.
Сөз соңында президент баршаға мықты денсаулық тіледі.
«Біз #Birgemiz!», — деді Тоқаев.
sputniknews.kz