Қазақстанда Наурыз мейрамы кезінде теракт жасамақ болған – ҰҚК — Қазақстан жаңалықтары
Қазақстанның ұлттық қауіпсіздік комитеті Наурыз мейрамы кезінде теракт жасамақ болған экстремисті ұстады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Ер адам 13 наурызда Алматыда құрықталды, ол сот санкциясымен қамауға алды.
«Тұтқындалған адам Наурыз мейрамын мерекелеу кезеңінде халық көп шоғырланған орындарда теракт жасауға дайындалды деген күдікке ілінді. Тергеу амалдары барысында одан екі жауынгерлік граната алынды», — делінген ҰҚК хабарламасында.
Қазақстан Қылмыстық кодексінің 255 (Терроризм актісі) және 258 (Террористiк немесе экстремистiк әрекетті қаржыландыру және терроризмге не экстремизмге өзге де көмек беру) баптары бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тергеу жалғасуда.
Ұсталған адам «ДАИШ» (Қазақстанда тыйым салынған) халықаралық террористік ұйымы идеологиясын ұстанғаны хабарланды.
stan.kz