Назарбаевтың қатысуымен болатын Nur Otan отырысы коронавирусқа байланысты өтпейтін болды — Қазақстан жаңалықтары
Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен болатын Nur Otan партиясы Саяси кеңесінің отырысы өтпейтін болды. Бұл туралы Бауыржан Байбек Twitter-дегі парақшасында жазды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
«Коронавирус инфекциясы тарау қаупіне байланысты енгізілген шектеу шараларына орай 2020 жылдың 18 наурызына белгіленген «Nur Otan» партиясы Саяси кеңесінің отырысы өтпейтін болды», – деп жазды ол.
Германияда коронавирус болғандықтан, 25 сәуірге жоспарланған Христиан-демократиялық одақтың партия съезі, онда жаңа көшбасшы сайлануы тиіс болатын съезі тоқтатылды. Сонымен қатар, Америка Құрама Штаттарында Байден мен Сандерс пікірталасы Аризонадан Вашингтонға COVID-19 таратылуына байланысты ауыстырылды. Ал CNN пікірсайыс көрермендердің қатысуынсыз өтеді деп мәлімдеді.
stan.kz