«11 жыл бірге тұрдық»: Марат Омаровтың бірінші әйелі алғаш рет сұхбат берді — Қазақстан жаңалықтары

0

Марат Омаровтың бірінші әйелі алғаш рет сұхбат беріп, некесіз туған немересін қабылдады. Ол әншімен ажырасқаннан кейін бар өмірін балаларына арнағанын айтады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі «Астарлы ақиқат» телеарнасына сілтеме жасап.

Марат Омаров әйелі

«Марат Омаровпен 11 жыл тұрдық. Алғаш қыздай қосылған әйел. Марат ол кезде 22-де мен 21 жаста болдым. Екеуміз де Мәдениет институтын бітіріп, 82 жылы үлкен қызымыз Зарина өмірге келді. 84 жылғы Мадина деген қызым бар. Ең кішкентайымыз ұлым Азамат. Мәкең үш қатын алғанымен, жалғыз ұлымыз осы. Мәкең екеуміз бірге ән жазатынбыз», – дейді Марат Омаровтың бірінші әйелі Шаттық Назарова.

Ұлдары Азамат 6-дан 7 жасқа қараған кезде Марат Омаров әйелі екеуі ажырасып кеткен. 

«Мен өмірімді, барлық махаббатымды, әдемілігімді, жастығымды үш балама арнаған анамын. Сол кезде өкпе де, наз да болды. Бірақ бәрі қазір қалды. Қазір бақытты анамын, бақытты әжемін», – деп көзіне жас алды анасы.

Зарина Омарова әкесі мен анасы ажырасып кеткенде күйзеліске түскен екен. Бұл жайында ол сұхбаттарында айтқан.

«Әкем маған досым, қамқоршым да. Екеуміздің арамызда өте жақын қарым-қатынасымыз бар. Әкем әрдайым қолдайтын. Мен таэквондаға барамын десем, Мұстафа Өзтүрік мектебіне берді. Бірінші сыныптан спортпен айналыстым», – дейді Азамат.

Марат Омаров та ұлымен әруақытта жақсы қарым-қатынаста болғанын айтады.

«Біз өте жақсы, үлгілі отбасы болғанбыз. Жалпы өзім Азаматты қимайтынмын. Мұстафа Өзтүрік келген кезде анам шапан жапқан. Сол кезде «Мына балаңды берші, Германияға алып кетемін» деді. Соншалықты жақсы көргенім Азаматқа өзің шеш дедім. «Мен әкеңмін қандай нәрсе керек болса, сенен аямаймын» деп айттым. Бес немерем бар. Егер көбейіп жатса, барлығы сияды», – дейді Марат Омаров.

Марат Омаровтың байлығына қызығып, әдейі ұйымдастырылған деп айтып жатқандар екен.

«Маған ақшаның байлықтың да қажеті жоқ. Көзайымды жақсы болып өсірсін. Маған тек тегі ғана қажет. Басқа ақша керек жоқ», – дейді Кәмшаттың анасы.

stan.kz