Сенат Жоғарғы сот судьяларын сайлады

0

Саясат

Қысқа сілтеме алу

0 0 0

Жоғарғы сот судьясы қызметіне сайланған Нұрғазы Әбдіқанов, Марғұлан Бектұрғанов және Шолпан Даниярова өз міндеттерін адал атқаруға ант берді

НҰР-СҰЛТАН, 12 наурыз – Sputnik. Сенат депутаттары президенттің Жоғарғы сот судьясы қызметіне ұсынған кандидатураларын бірауыздан қолдап, дауыс берді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Қазақстан президенті сенаттың қарауына Нұрғазы Әбдіқанов, Марғұлан Бектұрғанов және Шолпан Даниярованы Жоғарғы сот судьясы қызметіне сайлау туралы ұсыным енгізді.

Оқи отырыңыз: Тоқаев кадрлық ауыс-түйіс жасады

Сенаттың конституциялық заңнама, сот жүйесі және құқық қорғау органдары комитеті ұсынылған кандидатураларды алдын ала талқылап, өз қорытындысын әзірледі.

Үш кандидатураның да судья қызметіндегі еңбек өтілі орташа есеппен жиырма екі жылды құрайды.

Сенат депутаттары кандидатураларды бірауыздан қолдап дауыс берді.

Осыдан кейін Жоғарғы сот судьясы қызметіне сайланғандар өз міндеттерін адал атқаруға ант берді.

Жоғарғы соттың жаңа судьялары туралы не білеміз?

Нұрғазы Әбдіқанов 1962 жылы туған. Жоғары заңгерлік білімі бар. 1988 жылы КСРО Ішкі істер министрлігі Қарағанды жоғары мектебін құқықтану мамандығы бойынша тәмамдады. Заң ғылымдарының докторы. Судья ретіндегі еңбек өтілі жиырма екі жылдан асады.

2017 жылы Алматы қалалық сотының төрағасы қызметіне тағайындалды.

Марғұлан Бектұрғанов 1969 жылы туған. Білімі жоғары, 1995 жылы әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетін құқықтану мамандығы бойынша бітірді. Еңбек өтілі жиырма екі жылдан асады.

2015 жылдың ақпанынан бастап бүгінге дейін Атырау облыстық сотының төрағасы.

Шолпан Даниярова 1994 жылы әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетін құқықтану мамандығы бойынша тәмамдады. Судья ретіндегі жұмыс өтілі жиырма бір жылдан асады.

2011 жылдың маусымынан қазіргі күнге дейін елорданың мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының судьясы.



sputniknews.kz