Бішкекте қазақстандықтардың ақшасын алдап алған «Estate Ломбард» басшысы ұсталды — Қазақстан жаңалықтары

0

Қырғызстан астанасы Бішкекте қаржы пирамидаларын ұйымдастырушылардың бірі ұсталды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

гарант24

«Қазақстан полициясының сұрауы бойынша Қырғыз Республикасында «Еstate Ломбард» ЖШС директоры Әсет Ысқақов ұсталды», — деп мәлімдеді Polisia.kz.

Әсет Ысқақов ақпан айында шекарадан өтіп, Бішкекте жасырынған. Қазақстандық және Қырғыз полицейлерінің өзара іс-қимылының нәтижесінде іздеуде жүрген Ысқақов Бішкектің уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қырғызстанның құзыретті органдарына оны Қазақстанға экстрадициялауға материалдар жіберілді.

Осылайша, елден қашқан үш компанияның жетекшілері қазір қамауда отыр.

Жедел-тергеу шараларының нәтижесінде полиция жалпы алғанда 17 күдіктіні ұстады.

Ішкі істер органдары 42 мыңнан астам қазақстандықтардың мүлкі мен ақшалай қаражатын алаяқтық жолмен иеленген «Гарант 24 Ломбард» ЖШС, «Еstate Ломбард» ЖШС және «Выгодный займ» ЖШС қаржылық пирамидалар басшыларына қатысты сотқа дейінгі тергеуді жалғастыруда. 27 ақпанда Қазақстан ІІМ- нің сұрауы бойынша Кишиневте (Молдова) тәртіп сақшылары «Гарант 24 Ломбард» ЖШС құрылтайшысы Аслан Мырзабеков құрықталды. 28 ақпанда Қазақстан мен Ресей шекарасында «Выгодный займ» ЖШС құрылтайшысы Жанболат Есіркепов ұсталды.

Бұған дейін “Гарант 24 Ломбард” ЖШС-ның негізін қалаушы Аслан Мырзабеков телефон арқылы Арман есімді криминалды авторитеттің ықпалымен халықтан кешірім сұраған видеосы тараған болатын

Ал осы қаржы ұйымдарын жарнамалаған жұлдызда әлі де ақталып әлек.

stan.kz