Қызылордада «маугли» атанған бала жаңа отбасын тапты — Қазақстан жаңалықтары

0

Қызылордада «маугли» атанған кішкентай бала өз отбасын тапты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі «Астана» арнасына сілтеме жасап.

маугли

Владикке жергілікті тұрғындар осындай есім берген, себебі оны қамыстың арасынан тапқан. 9 жыл ішінде ол сөйлеуді үйренбеген. 

Бірнеше ай бұрын бала адамдармен байланысудан қашқан. Өткен күзде аш және тоңған кішкентай қаңғыбас баланы саяжай тұрғындары тауып алған. Владиктің әкесі көз жұмған, анасы хабар-ошарсыз кеткен.  Бала қысты кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығында өткізді, сол жерден ол «Балалар ауылына» ауысты. Төрт күн бұрын баланы жаңа отбасы асырап алды.

«Мен өз бауырымды кіші інім ретінде тәрбиелеймін, барлық кезде қамқорлық жасап, қолдау көрсетемін. Біз оның атын өзгертуге келістік. Белгілі журналист Нұртөре Жүсіпті білесіз бе? Міне, оның құрметіне кіші Нұртөре де атаймыз. Ол өзі келісті», — деді Владиктің ағасы Бердібек Мереев.

Сонымен қатар, тоғыз жасар Владик-Нұртөре алғаш рет мектеп табалдырығын аттады. Енді ол бірінші сынып оқушысы. Әріптер, түстер, жануарлар, өсімдіктер, бұлардың бәрін ол үшін — жаңалық.

«Оның оқуға деген ниеті бар, ең бастысы. Тек қана оған қоғамда жұмыс істеуді, балалармен, басқалармен сөйлесуді үйрену керек. Ол өзінен үш жас кіші балалармен оқиды. Жазғы демалыс кезінде де оған сабақ беретін боламыз. Келесі жылы ол осы сыныппен жалғастырады», — деді №11 лицей-мектебінің директоры Жанат Сәдуақасова.

Журналист Миуа Байназар оның тағдыры туралы білген бойда «маугли» баланы асырап алуға шешім қабылдаған. Оны ұлы мен қызы қолдады. Бірақ ол қорғаншылық комиссиясы үлкен кедергі болғанын еске алды. Мысалы, заң бойынша әлі қабылданбаған ана-қамқоршылардың үш айлық курстарынан өтуге міндеттеген.

«Қамқоршылық үшін құжаттарды жинау кезінде мені қинады. Мәселе «Астана» телеарнасының араласуынан кейін шешілді, мен оған ризамын. Ол үйден шыққысы келмейді, үнемі айтады: «Бұл менің үйім, мен бұл жерден ешқайда кетпеймін!», — деді Владик-Нұртөренің анасы Миуа Байназар.

Жаңа отбасына келген Владик-Нұртөре 8 наурызда 9 жасқа толды. Миуа бала құрдастарын тез қуып жету үшін қажетті мамандар мен оқытушыларды жалдауға ниетті. Ол ұлына толық бақытты балалық шақ сыйлауға уәде береді.

 

stan.kz