Назарбаев Мәскеуге барды – фото
Қысқа сілтеме алу
Елбасы Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінде болады, деп ақпарат берді баспасөз хатшысы Айдос Үкібай
НҰР-СҰЛТАН, 10 наурыз – Sputnik. Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаев Мәскеуге барды. Бұл туралы оның баспасөз хатшысы Айдос Үкібай хабарлады.
«Сапар барысында Нұрсұлтан Назарбаев Ресей президенті Владимир Путинмен кездеседі, сонымен қатар Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінде болады», — деп жазды Үкібай.
Елбасы прибыл в Российскую Федерацию. В ходе визита Нурсултан Назарбаев встретится с Президентом России Владимиром Путиным, а также посетит Московский государственный университет имени М.В. Ломоносова. pic.twitter.com/KgFSeYlD2Q
— Aidos Ukibay (@Aidos_Ukibay) March 10, 2020
Соңғы бес жыл ішінде Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Ресейге 16 рет барды. Өткен жылдың желтоқсанында Назарбаев ЕАЭО Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңесінің құрметті төрағасы ретінде Санкт-Петербургте өткен ЕАЭО саммитіне қатысты. Сондай-ақ, Елбасы Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттер басшыларының бейресми кездесуінде болды.
Өткен аптада, 7 наурызда Назарбаев Путинмен телефон арқылы сөйлесті. Тараптар екіжақты және халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелер, соның ішінде Сирия мәселесі бойынша өткен Ресей-Түркия келіссөздерінің қорытындысы бойынша пікір алмасты.
sputniknews.kz