Қазақстандықтардың несиесі тағы да кешіріле ме: тізімде кімдер болуы мүмкін
Мәжіліс депутаты Гүлжан Қарағұсова жағдайлары төмен қазақастандықтардың несиесін жабу туралы бастамаға қарсылығын білдірді. Оның айтуынша, бұл жағдай салық төлеушілер үшін қосымша салмақ болып тиюде.
«Мен өмірімде екі-ақ рет несие алғаным үшін қатты өкінемін. Біреуі ипотека, екіншісі ақшалай несие болатын. Уақыты келмей жатып жауып тастадым. Не үшін десеңізші? Қазір бәрін кешіре салатын еді», — деп мәлімдеді шенеунік.
Сөзінше, үкімет қазақстандықтардың несиесін кешіру арқылы олардың арам пиғылдарының өсуіне итермелеуде.
«Елбасымыз әрқашан азаматтарды салық төлеуге үйрету керек деп айтатын. Себебі салықтан басқа мемлекеттің басқа кірісі жоқ. Мемлеткеттің бюджеті — салық төлеушілердің ақшасы», — деді депутат.
Мысал ретінде ол АҚШ-ты келтірді. Бұл елде 2007 жылдан бері несие ешқашан кешірілмейді. Сондай-ақ депутат несие алу әркімнің өз шешім екендігін қосты.
«Өзім алдын ба, өзің қайтар. Әйтпесе, олар біздің қалтамыздағы ақшамен күн көруге үйреніп қалған секілді. Біз Совет үкіметін 90%-ға дейін ұстап қалады деп жамандаушы едік, ал қазір бәрі тегін деп айтсақ болады. Біреу адал еңбек етіп, салық төлейді, ал біреулер болса… Мен мұндай саясатпен келіспеймін», — деді Қарағұсова.
Бұған дейін тұрмысы төмен отбасылардың несиелерін кешіру акциясы қайта өткізіледі ме деген сұраққа президент әкімшілігі жауап берген еді.
stan.kz