Мұнай бағасы қайта өсе бастады
Сауд Арабиясы мен Ресей ОПЕК келісімінен шыққаннан кейін қара алтынның бағасы күрт төмендей бастаған болатын
АЛМАТЫ, 10 наурыз – Sputnik. Brent маркалы мұнай бағасы 6 процентке өсті. Кеше күндіз баға 30 процентке дейін арзандаған болатын, деп хабарлайды РИА Новости/Прайм.
Сейсенбі таңертең мамырға арналған Brent фьючерс бағасы 6,67%-ке қымбаттады, яғни, баға барреліне 35,69 долларға дейін өсті. Арасында өсім 7%-ке жетті. Сәуірге арналған WTI маркалы фьючерс баррелі 32,37 долларға дейін қымбаттап, 3,85%-ке өсті.
Дүйсенбіде екі марка да төрт жыл ішіндегі ең төменгі шекті көрсеткен болатын.
Мұнай бағасының құлдырауы
Сауд Арабиясы мен Ресей ОПЕК келісімінен шыққаннан кейін қара алтынның бағасы күрт төмендей бастады. Мұнай бағасы барреліне 30 долларға дейін түсті.
Доллар бағасының өсуі
Баға құлдырағаннан кейін доллар күрт көтеріле бастады. Қазақстандағы кейбір айырбастаушы пунктерде баға шамамен 400 теңгеге жетті. Кейін америкалық валютаны сату тоқтатылды. Қазақстан Ұлттық банкі валюта сауда-саттығына тыйым салынбағанын мәлімдеді. Сондай-ақ, қаржы реттеуші нарықты тұрақтандыру үшін валюта интервенцияларын жүргізуге дайын екенін айтты.
10 наурыз таңертең айырбастау пункттеріндегі доллар бағамы 394,5 теңгеге жетті.
Тағы оқыңыз: Тоқаев Ақордада шұғыл кеңес өткізді
Сарапшылар бұл жағдайды уақытша құбылыс деп санайды және 18 наурызда өтетін ОПЕК-тің техникалық комитетінің шешімін күтуге шақырды.
sputniknews.kz