Тоқаев Ақордада шұғыл кеңес өткізді

0

Тоқаевтың тапсырмасы бойынша премьер-министрдің тікелей басшылығымен шұғыл әрекет ету штабы құрылды

НҰР-СҰЛТАН, 9 наурыз — Sputnik. Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев үкіметтің және мемлекет басшысына тікелей бағынышты органдардың жетекшілерімен кеңес өткізді.

Кеңесте әлемдегі қаржылық-экономикалық ахуал және оның Қазақстан экономикасына әсері жөнінде мәселелер талқыланды, деп хабарлайды Ақорда.

Президент үкіметке, ұлттық банкке және басқа да мемлекеттік органдарға бірқатар нақты тапсырма берді. Басты тапсырма – мемлекеттің халық алдындағы барлық әлеуметтік міндеттемелерін толық көлемде орындау.

Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша премьер-министрдің тікелей басшылығымен шұғыл әрекет ету штабы құрылды. Дағдарысқа қарсы іс-қимылдар жоспары әзірленеді, ірі кәсіпорындарда халықты жұмыспен қамтуға қолдау көрсету жөнінде арнайы жоспар дайындалады. Президент халықты мүмкіндігінше көбірек жұмыспен қамту мәселесін аса маңызды деп санайды.

Үкімет 2020-2022 жылдарға арналған республикалық бюджетті нақтылау жөнінде ұсыныс енгізеді.  

Мемлекет басшысы бюджет шығындарын қысқарту, өңірлерде халықты жұмыспен қамтамасыз ету, еліміздің қаржы-валюталық нарығын тұрақтандыру, республикалық және жергілікті   бюджеттерді оңтайландыру бойынша шаралар қабылдау қажеттігін айтты.



sputniknews.kz