Қазақстандық әнші Dequine қорлық туралы жаңа пост жариялады — Қазақстан жаңалықтары
Қазақстандық әнші Dequine инстаграмда Алматыдағы концертте екі рэпердің жасаған қорлығы туралы жаңа пост жариялады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Танымал рэперлердің клипін YouTube-тегі әйгілі «Дневник Хача» каналынан көрген әнші наразы болды. Dequine видео продюсері мен арна иесі Амиран Сардаровқа шағым түсірді.
«Қыздың ер адамға оның дұрыс емес әрекеттері үшін жасаған ескертуінен, , кешірім сұрауына дейінгі жасаған жолы таңқаларлық. Лейбл өкілдері өртке оранған тарақандар сияқты жүгіріп, кім екені белгісіз, кім екені түсініксіз адамдарды қорғаштап әлек. Ойларын миллион рет өзгертті.
Сіз өзіңіздің мансабыңызды сақтау үшін мені жамандауға бар мүмкіндікті жасадыңыз. Мұның бәрі мектеп оқушыларына ұқсайды, олар соңына дейін қателіктерін жасыруға тырысады, олар одан да жаман болып шықты және тез құтылып кету үшін кешірім сұрады.
Бірнеше күн өткеннен кейін KS және B кешірім сұрап, Мәскеуде осы жағдай орын алып жатқан кезде бейнебаян түсіргендері мені таң қалдырды.
Клип түсіріп, костюмдерін ауыстырмай-ақ, сосын бірден видеода кешірім сұрайтын адамдарға үлкен құрмет. Рэптегі негізгі күш әрдайым сөз болған, және сіздер өз сөздеріңіздің құнын жоғалттыңыздар, сондай-ақ ақиқат ұғымын дисконттадыңыздар.
Енді 8 наурыз әйелдер күні қарсаңында және тең құқықтар үшін күресіп, мен видео продюсері мен канал иесі Амираннан сұрағым келеді, сізді көбіне сексизм және әйелдерге деген иттік қарым-қатынас танытқан үшін жиі айыптай ма? Сіз бұл жағдай туралы білдіңіз бе? Сіз дау-дамайдың шыңындағы әртістерге бірнеше миллион көрермені бар платформаны ұсынған кезде жауапкершілікті қаншалықты сезіндіңіз», деп жазды әнші (жазу стилі, орфографиясы, тыныс белгілері мен мазмұны сақталады).
Наурыздың басында Dequine Алматыда «Ozen» лейблі ұйымдастырған концертте екі жас рэпердің қысымына наразылық білдірді. Орындаушы оның сөзіне дәлел ретінде инстаграмға жастардың видео және аудиосын жариялады. Ол сондай жағдайға тап болған оқырмандарынан кері жауап сұрады.
stan.kz